Ғабдыл-Уахит Хазірет

 

Ғабдыл-Уахит Хазірет Тіленшіұлы – өз заманының танымал адамы болды. Адалдық пен әділдікке, ізгілік пен мейірімділікке бастайтын ислам дінін тереңінен меңгеріп, оны халық арасында насихаттады. Әулие адам болды. Халқының құрметіне бөленіп, ел арасында беделі жоғары болды. Өмірден өткеннен кейін де соңына қалған ел-жұрты жадынан шығармады. Осы орайда «Хазірет» сөзінің ұғымына назар аударған жөн. Хазірет (қазірет, әзірет) – діни лауазым. Жоғары дәрежелі дін иелеріне беріледі. Мұхаммед пайғамбардан (ғ.с.) кейінгі 4 халифтің бірі Әли қазаққа Әзірет Әлі деген атпен мәлім. Хазірет лауазымы аймақтық діни басқарма өкіліне де беріледі. Сондықтан, Тіленшіұлы Ғабдыл-Уахиттің Хазірет атағына ие болуы ислам діні жөнінен терең білімі болғанын толық дәлелдейді. Мұндай атақ жүздеген мың адамның біріне ғана бұйырады.

Ғабдыл-Уахит Хазірет 1853 жылы өмірге келді. Әкесі Тіленші еті тірі, пысық, заман ағымын қатарластарынан ерте түсінетін, өмірге деген ұстанымы берік болды. Балаларын қалың бұқара ортасында сауатсыз қалмас үшін білім алуына назар аударды. Оқытып, сауатын ашты. Ғабдыл-Уахит Хазірет ең алдымен алты жасынан бастап ауыл молдасынан дәріс алды. Семей өңіріндегі Қапияш, Шархы, Шәмші, Шериазидден деген білікті ұстаздардан ислам діні жөнінде терең дәріс алып, сегіз жыл оқиды. Мұнымен де тоқтамайды. Білімін одан әрі жетілдіру үшін 1873 жылы Бұхарай-Шәрифтегі «Мір араб» медресесіне қабылданып, мұнда 15 жыл оқиды. 1873-1888 жылдары Ғабдыл-Уахит Хазірет Тіленшіұлы дәріс алған Өзбекстан Республикасының Бұхара қаласындағы «Мір араб» медіресесі 1535 жылы салынған. Бұл оқуын 1888 жылы үздік бітіріп, жоғары діни хазірет атағына ие болып, туған еліне оралған. «Мір араб» медіресесі Орта Азиядағы ислам діні жөнінде білім беретін теңдесі жоқ оқу орны. Бұл жөнінде дінтанушы, «Құрайыш» мешітінің имам-хатыбы Абдулла Жолдас: «Мір араб» медіресесінде оқытылатын пәндер негізінен: Құран, араб тілі, фикһ, Хадис, ислам тарихы. Араб тілі жоғары деңгейде оқытылатын. Араб тілінен біз риторикаға дейін бардық. Мұндай жоғары деңгейде білім беріп жатқан оқу орындарын мен қазір еш жерде кездестірмеймін», - деп айтқан.

Туған жеріне оралған хазірет ислам дінін насихаттаумен, шәкірт оқытумен шұғылданды. Өткен ғасырдың басында Темірғалы болыс салдырған мешіттің имамы, әрі ұстазы болды. 500 адамға арналған мешіт Павлодар облысы, Шарбақты ауданының Есілбай ауылында салынған болатын. «Мір араб» медіресесін бітірген соң 1921 жылға дейін «Темірғалы» мешітінде имам болған Хазірет Ғабдылуахит жүздеген шәкіртке дәріс берді.

Өмірінің соңғы жылдарында Шарбақты ауданының Арбаиген ауылының оңтүстік шығысындағы «Келдіқыз» жайлауына өзі салдырған Алла үйінде ұстаздық жұмысын жалғастырды. Әубәкір, Смағұл, Сәдуақас деген шәкірттері Троицк қаласындағы жоғары діни оқу орнына қабылданып, өзінің жолын қуып, хазірет атағына ие болды.

Хазірет Ғабдыл-Уахит Тіленшіұлы 1926 жылы өмірден өтті. Өмірін дін жолына арнаған хазіретті соңында қалған ел-жұрты «Келдіқыз» жайлауына жерлеп, басына бөренеден мазар тұрғызды.

«Келдіқыз» жайлауы ну қарағайлы өңірде орналасқандықтан өрттің қауіп-қатері ықтимал болды. Сол себепті уақыт өте келе бөренеден тұрғызылған мазардың орнына кірпіштен мазар салынды. Жалпы алғанда хазіретті соңында қалған ел-жұрты әрдайым құрметтеді. 1992 жылы Ғабдыл-Уахит Хазірет пен Темірғалы қажыға арналып, үлкен ас берілді. Сонымен қатар, Лебяжі ауданының орталығындағы мешітке Ғабдыл-Уахит хазіреттің есімі берілді.

Хазірет Ғабдыл-Уахит қасиетті адам болды. Сырқат адамдарды емдейтін, болашақты болжайтын, мұқтаждарға қолынан келген жәрдемін беретін, осы қызметтері үшін үлкен құрметке ие болды. Көзі тірісінде көрсеткен жақсылықтары бақиға аттанғаннан кейін де жалғасты. Оның бейітінің басына адамдар үмітпен, сеніммен келіп, тәу етіп, Алладан жәрдем сұрады. Осындай жолмен медицина емдей алмайтын аурулардан адамдардың жазылғаны туралы оқиғалар аз емес.

Кеңес үкіметі орнаған жылдары «Келдіқыз» қонысына жалған ақпармен қызыл отряд келіп қалады. Уахит хазірет намаз оқып жатқан болатын. Бір солдат құранды жыртып, одан папироса орап, шылым шегеді. Сол сәтте-ақ оның бет-аузы қисайып қалады. Оған көңіл де бөлмеген екі солдат хазіретті атуға орманға алып шығады. Атар алдында хазірет олардан намаз оқуға рұқсат сұрайды. Оқып болғасын «Мен дайынмын!»,-деген. Оған бағытталған мылтық үш рет атылмайды. Екінші солдат қылышпен шауып тастамақ болғанда қолы көтерілген күйінде қатып қалады. Солдаттар болған жағдайды командиріне айтады. Командир келіп, солдаттардың пұшайман түрлерін көріп, таң қалады. Сөйтіп, ол Хазіреттің қойған шартымен келісіп, мөр басылған анықтама жазып береді. Тек осыдан кейін ғана Уахит Хазірет намаз оқып, солдаттарды тылсым күштен босатады. Осы оқиғадан кейін бақиға аттанғанша хазіретке ешкім тиіспейді.

Тағы бір таңғажайып оқиға. 1940 жылы маусымда Шалдай орманында үлкен өрт болып, хазіреттің бейітіне қарай қозғалады. Бірақ, бейітке жақындағанда от екі айырылып, бейітке тимей айналып өтіп кетеді.

Хазірет бабамыз мешітте имам болумен қатар елді имандылыққа баулыды. Ағартушылық салада толайым іс тындырды. Есеп және жағрапия пәндерінен дәріс берген. Білім алу үшін алдына келген шәкірттерге шығыс поэзиясы мен филососфиясын оқытты.

Ел аузында хазірет жөнінде аңыздар көп сақталған. Діни ғұлама Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы Ғабдыл-Уахит Хазіретті арнайы іздеп келіп, сәлем берген. Сыйлаған, құрметтеген. Тағы бір атап өтерлігі Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығында хазіреттің есімі кездеседі.

Әулиелік, көріпкелдік, болжағыштық қасиеті бар Ғабдыл-Уахит Хазіретті көзі тірісінде де, өмірден өткен соң да ел-жұрты пір тұтты. Ауырып-сырқаған адам мазарына барып, Алладан мейірім-шапағат тіледі.

Хазірет Ғабдыл-Уахит бір отбасының тұңғышы. Екі інісі мен екі қарындасы болған. Өкініштісі, халқының құрметіне бөленген әулие бабаның Қарақұл, Сарықұл, сабанқұл

есімді үш ұлы екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болды. Бірақ та хазіреттің соңында оны ардақ тұтқан ел-жұрты бар. 

 

Хазрет Габдул Уахит Тиленшиулы

 

Хазрет Габдул Уахит Тиленшиулы был очень известным человеком своего времени. Будучи исследователем исламской религии, проповедующей честность и справедливость, доброту и порядочность, он стал распространителем этих ценностей среди населения.  Был священным человеком.  Имел огромное уважение у народа, его авторитет был непререкаем.  И после смерти его имя осталось в памяти людей.

Слово «Хазирет» является религиозным титулом, присуждаемым религиозным деятелям высокого уровня.  Четвертый халиф после пророка Мухаммеда (с.г.с) Али известен казахам как Хазирет Али. О высоком уровне религиозных знаний Габдыл Уахита Тиленшиулы говорит тот факт, что ему был присужден этот титул, чего добивается только один из сотен тысяч людей.

Хазрет Габдул Уахит родился в 1853 году. Его отец Тиленши был человеком крепких жизненных устоев, смекалистым, лучше современников ориентирующимся в происходящих событиях.  Он уделял большое внимание воспитанию и обучению своих детей.  Первое образование Габдул Уахит получил у аульного муллы, когда ему исполнилось шесть лет. После чего в течение 8 лет обучался у лучших учителей Семейского региона, таких как Капияш, Шархы, Шамши, Шериазидден. Для дальнейшего совершенствования своих знаний в 1873 году он поступил на учебу в медресе «Мир араб» города Бухары.  В нем он обучался 15 лет. И в 1888 году вернулся в родные края, получив духовный титул хазирет.

В семье Габдул Уахит Хазрет был старшим сыном. У самого Габдул Уахита Хазрета было три сына - Каракул, Сарыкул, Сабанкул, которые во время Великой Отечественной войны пали смертью храбрых.

Медресе «Мир араб» - религиозное учебное заведение, равного которому нет во всей Средней Азии.  Об этом рассказывает хатыб - имам мечети «Курайыш» Абдолла Жолдас: «В медресе «Мир араб» изучались в основном Коран, арабский язык, фикъ, Хадис, история ислама.  Арабский язык преподавался на высоком уровне. Мы изучили язык до риторики. Таких учебных заведений, преподающих на таком уровне, я не встретил нигде».

В родных краях Габдул Уахит Хазрет занялся пропагандой ислама, обучением детей.  Был имамом и учителем в мечети, построенной Темиргали болысом в начале прошлого века.  Эта мечеть была построена в селе Есильбай Щербактинского района Павлодарской области.  Как имам мечети «Темиргали» он работал до 1921 года и воспитал сотни учеников.

В последние годы на юго-востоке села Арбигень он построил мечеть в местности Келдикыз, где продолжил свою деятельность. Его ученики Аубакир, Смагул, Садвакас были приняты в религиозное высшее учебное заведение города Троицка и тоже стали хазиретами.  Габдул Уахит Хазрет умер в 1926 году и похоронен в местности Келдикыз. Здесь был построен мазар из дерева, однако из-за опасности возникновения лесных пожаров деревянный мазар был заменен на кирпичный.  Во время этой работы надо было перенести деревянный мазар на могилу жены - Бопежана, находящейся рядом, но люди не могли даже поднять его.  Но когда один из лучших учеников Хазирета - Ахат молда прочитал Коран со слезами на глазах, ко всеобщему удивлению, мазар стал почти невесомым и люди смогли закончить работу.

В 1992 году в память о Габдул Уахит Хазрете и Темиргалы кажы был дан большой ас, а мечеть, построенная в Лебяжинском районе, была названа именем Хазрета.

Хазрет Габдул Уахит имел особый природный дар влияния на людей. Лечил людей молитвами и предсказывал будущее, помогал всем нуждающимся, чем мог, за что его почитали как святого.  Габдул Уахит Хазрет Тиленшиулы помогал людям при жизни, продолжает помогать и после смерти.  К месту его захоронения с надеждой и верой в сердцах люди совершают паломничество.  Имеются факты выздоровления от неизлечимых болезней, где официальная медицина была бессильна.

В годы Советской власти по ложному доносу в урочище Келдикыз пожаловал красный отряд.  Застали Уахита Хазрета за чтением намаза.  Один солдат, разорвав страницы Корана, сделал из них папиросу и начал курить.  И в следующий момент его лицо искривилось.  Не обратив на это внимание, два солдата повели приговоренного на расстрел Уахита Хазрета в лес. Перед расстрелом он попросил у солдат разрешения прочитать намаз. Когда он закончил и сказал: «Я готов!», ружье не выстрелило три раза, а руку солдата, собиравшегося разрубить мечом, парализовало, она так и осталась застывшей, и солдаты вынуждены были оповестить своего главного начальника.  Тот был крайне удивлен состоянием солдат, и ему пришлось согласиться с условием Хазрета: дать ему справку, заверенную печатью.  Только после этого Хазрета прочитал намаз и освободил солдат, сняв чудодейственные чары.  И до самой смерти никто больше не беспокоил его.

Со святым местом связан и такой интересный факт: в июне 1940 года в Чалдайском лесном хозяйстве начался сильный пожар, который на подходе к территории кладбища разделился на две стороны, минуя могилу Уахит Хазрета. Пожар ушел вглубь, оставляя после себя пепелище, но могила осталась цела...

В начале 20 века знаменитый Машхур-Жусип Копеев побывал в гостях у Хазрета, и за дружественным дастарханом велась беседа двух самых просвещенных людей того времени.

Летом 2012 года на могиле святого на средства меценатов и потомков Хазрета были построены мавзолей, гостиница для паломников, облагорожена территория.

В памяти народной Хазрет будет жить вечно.